Какау есімімен қазақстандықтарға жақсы таныс «Қайрат» АФК-ның экс-бапкері Рикардо Камара Собрал 16 қыркүйекте 49 жасқа толды.

Бразилиялық маман Қазақстанның ең мықты футзал командасын 2013 жылдан бастап, бес жыл бойы баптады. Ұжым осы уақыт аралығында ел чемпионаты мен кубогын 5 реттен жеңіп алды.

«Қайрат» Какаудың жетекшілігімен халықаралық деңгейде атағы жер-жаһанға жайылып, әлемнің үздік клубтарының біріне айналды. Алматылықтар 2013 және 2015 жылдары УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіп алса, 2014 жылы Әлем суперкубогына ие болды.