Азия футбол конфедерациясы (АФК) «Әл-Айн» (БАӘ) жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханды құрлықтың Чемпиондар лигасында апта үздіктері тізіміне қосты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз мәслихатына сілтеме жасап.

Исламхан аталған турнирдің топтық кезеңінде «Әл-Садд» (3:3) қақпасына гол соқты. Бұл оның Чемпиондар лигасындағы алғашқы голы еді. Клубты испаниялық Хави жаттықтырады.

Үміткерлер тізімі мынадай:

Абдерразак Хамдалла («Әл-Наср»)

Санти Касорла («Әл-Садд»)

Брэд Джонс («Әл-Наср»)

Рамин Резаян («Әл-Духаиль»)

Нам Тхэ Хи («Әл-Садд»)

Коджо Лаба («Әл-Айн»)

Себастьян Джовинко («Әл-Хилал»)

Бауыржан Исламхан («Әл-Айн»).