«Барыс» хоккей клубының қазақстандық шабуылшысы Дмитрий Гурков жарақат алып қалды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы елордалық команда ресми сайтында хабарлады.
Ойыншы ҚХЛ-дің ресми сайтындағы жарақат алған ойыншылар тізіміне қосылды. Биылғы маусымда Гурков «Барыс» сапында «Динамоға» (Рига) қарсы матчқа қатысты.
Айта кетейік, елордалық команда қазіргі сәтте 7 ұпаймен Шығыс конференцияның турнирлік кестесінде 6-орында тұр. «Барыс» келесі кездесуін 18 қыркүйекте өз алаңында ригалық «Динамоға» қарсы өткізеді.
Комментарии