Prosports.kz қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (13-0, 8 KO) Нұр-Сұлтандағы жаттығуын назарларыңызға ұсынады.

Мейірім Нұрсұлтанов соңғы жекпе-жегін қараша айында өткізіп, WBC (USNBC) нұсқасы бойынша АҚШ чемпионы титулы үшін өткен кездесуде қарсыласы Кристиан Оливасты төрешілердің шешімімен жеңді.