Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құарама командасы оқу-жаттығу жиындарын бастады.

Жаттығу жиынына ересектермен бірге жастар және жасөспірім спортшылар да қатысуда. Санитарлық талап бойынша, оқу-жаттығу жиынына кірмес бұрын спортшылардың барлығы ПТР-тестін тапсырды.

Сондай-ақ, спортшылар алғашқы аптада карантин аймағында болады. Таза ауада жалпы физикалық дайындықтарын шыңдап, 23 қыркүйектен бастап спорт нысанына жаттығуға кіріседі.

Бас бапкер Эльмира Алиеваның жетекшілігімен өтіп отырған жаттығу жиыны 8 қазанға дейін жалғасады.