«Торпедо» хоккей клубы ресейлік шабуылшы Игорь Левицкиймен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.
27 жастағы шабуылшының өскемендік клубпен келісімшарты бір маусымға арналған.
Левицкий 2019/2020 жылғы маусымында «Торпедо-Горький» сапында ойнады (53 матч, 7 гол және 12 пас).
Ал ҚХЛ-да Игорь Левицкий «Атлант», «Спартак», «Сочи», «Сибирь» командаларында өнер көрсеткен (222 матч, 30 гол және 28 пас).
Левицкий Игорь
Алаңдағы орны: шабуылшы
Туған жылы: 04.08.1993
Бойы: 182
Салмағы: 88.
Комментарии