15 қыркүйекте ACA лигасы Мәскеуде жанкүйерлермен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лиганың жанкүйерлері ұйымның басшылығына ашық баспасөз конференциясы форматында сұрақтар қоя алады. Конференцияға қатысатындар лиганың негізін қалаушы Майрбек Хасиев, АCА президенті Алексей Яценко, сондай-ақ Мәскеудегі ACA 111 турниріне қатысатын файтерлер: Александр Сарнавский, Абдул-Азиз Абдулвахабов, Юсуф Раисов, Артем Резюников, Асылжан Бақытжанұлы.