Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Римдегі Мастерстердің негізгі кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол неміс Доминик Кепферден жеңіліп қалды. Кездесудің есебі - 2:6, 6:4, 6:2.

Матч екі сағат он минутқа созылды.

Айта кетейік, жүлде қоры шамамен 5,8 миллион еуроны құрайды.