Бүгін түнде US Open-2020 ерлер арасындағы турнирінің финалы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Финалда австриялық Доминик Тим мен германиялық Александр Зверев кездескен. Теннисшілер арасындағы ойын 4 сағат, 5 минутқа созылды. Доминик екі сетте 2:6, 4:6 есебімен жеңілген, бірақ кейінгі үш партияда басым түсті - 6:3, 6:4, 7:6 (8:6).

Айта кетейік, 27 жастағы Тим «Үлкен дулыға» турнирлерінде алғаш рет топ жарып отыр.