Артем Резников, Асылжан Бақытжанұлы және Георгий Кичигин сынды қазақстандық үздік файтерлер 19 қыркүйекте ACA 111 турнирі өтетін Мәскеуге ұшып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі ресейлік жекпе-жек шебері Александр Сарнавский Мәскеуге қазақстандықтармен кетті.

15 қыркүйекте баспасөз конференциясы өтеді, оған Резников, Бақытжанұлы, Сарнавский, Раисов, Буторин және Абдулвахабов қатысады.

Айта кетелік, Артем Резников ACA 111 турнирінде Юсуф Раисовпен кездеседі. Асылжан Бақытжанұлы Алексей Буторинмен, ал Георгий Кичигин лигадағы дебютін тәжікстандық Мамуржон Хамдамовқа қарсы өткізеді.

Фото: UNDERDOG