Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе 2020/21 маусымының соңында ПСЖ-дан кетпек, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы The Times хабарлады. Дереккөздің хабарлауынша, 21 жастағы ойыншы команда басшылығына келесі маусымда басқа клубта ойнағысы келетінін айтқан. Футболшы Ла Лига мен Премьер-лигаға жол тартпақ.

Бұған дейін франциялық футболшы ПСЖ-ның келісімшартты ұзарту туралы ұсынысынан бірнеше рет бас тартқаны хабарланған. Қазіргі келісім 2022 жылдың жазына дейін жасалған.

Мбаппе ПСЖ сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді.