Қазақстандық Михаил Кукушкин Рим ATP турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.

Әлемнің 90-ракеткасы М.Кукушкин бастапқы кездесуін рейтингте 184-орында тұрған швециялық Элиас Имермен өткізді.

Бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда швециялық спортшының жолы болды - 7:6 (7:3).

Екінші және шешуші үшінші сетте М.Кукушкин ұтылып жатып, таразы басын аудара білді - 6:4, 7:5. Тартысты бәсеке үш сағатқа созылды.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін рейтингте 112-сатыдағы жапониялық Таро Дэниелмен таласады.