Тректегі велоспорттан Қазақстан ұлттық құрама командасы елордада оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жаттығу жиыны елордадағы "Сарыарқа" велотрегінде өтіп жатыр. Велошабандоздардың жаттығуы қыркүйектің 30-ына дейін жалғасады.