Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) Алматыжа жаттығуын жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров Алматыдағы Halyk Arena кешенінде жоспарланған бокс кешінде жеңілістің ащы дәмін татпаған панамалық Александр Дюранмен жұдырықтасады. 27 жастағы боксшы профи-рингте 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Айтпақшы, 29 жастағы Жанқош та 24 кездесу өткізіп, оның бәрінде жеңіске жетті.