Sky Sport Italia хабарлауынша, «Челси» қорғаушысы Маркос Алонсоға «Интер» қызығушылық танытып отыр.

Италиялық клуб 29 жастағы испаниялық ойыншыны командадағы Далберт немесе басқа сол жақ қорғаушы кетсе, сатып алуға тырысады.

Еске салайық, Алонсо «ақсүйектермен» 2023 жылдың маусымына дейін келісімшарт жасасты.

Өткен маусымда испан футболшысы АПЛ-дың 18 ойынында 4 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.