US Open турнирінің жартылай финалында австриялық Доминик Тим ресейлік Даниил Медведевтен басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Доминик пен Даниилдің кездесуі 2 сағат 55 минутқа созылды. Үш сетте австриялық жеңіске жетті - 6:2, 7:6 (9:7), 7:6 (7: 5).

Доминик Тим финалда неміс Александр Зверевпен шеберлік сынасады.