Қазақстандық футболшы Тимур Рудосельский армениялық «Лори» командасы сапындағы алғашқы ойынын өткізді, оған қоса гол да соқты, деп жазады Prosports.kz.

25 жастағы «Қайраттың» түлегі Армения чемпионы «Арарат-Армения» командасына қарсы матчтың 41-минутында есеп ашты. Ойын қорытындысы бойынша Тимурдың командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, өткен маусымды Рудосельский «Оқжетпес» сапында өткізіп, Қазақстан біріншілігінің 11 матчына қатысып, бір гол соққан.