Қазақстандық боксшылар Роман Жайлауов, Бекман Сойлыбаев және Елдос Сарқұлов Киевте өткен бокс кеші аясында жеңіске жетті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Роман Жайлауов 4 раундтан тұратын матчта Артем Комарды қапы қалдырды. Бекман Сойлыбаев Дмитрий Аушевті тізе бүктірсе, Елдос Сарұлов алты раундтық кездесуде Михаил Андреицті жеңді.

Бұл шараны ұйымдастырған Promotions компаниясы.

Кештің басты кездесуі Олимпиада чемпионы украиналық Александр Усик пен ОАР боксшысы Дэни Вентер арасында өтті. Украиналық 9-шы раундта техникалық нокаутпен жеңді.