«Барыс» шабуылшысы Роман Старченко «Куньлунь Ред Стар» (3:2) командасымен өткен ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Ойынға келетін болсақ, жақсы бастадық. Екінші кезеңнің басында шатаса бастадық, бірақ кейін жинақталып ойынды түзеп алдық. Әйткенмен, алаңнан қуылу көп болды. Бр қуантарлығы - бір ойыншыға кем ойнаған сәтте де жинақы болдық.

Келесі матчта «Барыс» 12 қыркүйекте өз аренасында Мәскеудің «Динамосына» қарсы ойнайды.