Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған турнирлер тізіміне төрт жаңа жарысты қосты.
ATP баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның екеуі Кёльн (Германия), бір-бірден Сардиния (Италия) мен Нұр-Сұлтан қалаларында өтеді. Астанадағы жарыс 26 қазанға белгіленіп отыр.
Кёльн мен елордадағы жарыстар хард, ал Италиядағы дода топырақ төсенішінде болады. Сонымен, 2020 жылғы жаңартылған турнирлер күнтізбесі мынадай:
14 қыркүйек – Рим.
21 қыркүйек – Гамбург.
27 қыркүйек – «Ролан Гаррос».
12 қазан – Санкт-Петербург, Сардиния, Кёльн.
19 қазан – Кремль кубогы, Антверпен, Кёльн.
26 қазан – Вена, Нұр-Сұлтан.
2 қараша – Париж.
8 қараша – София.
15 қараша – Лондонда ATP-ның қорытынды чемпионаты.
Сонымен қатар әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) күнтізбеге жаңадан Острава (Чехия) турнирін қосты. Хард төсенішінде өтетін бұл жарыс 19 қазанда басталады. Жүлде қоры – 528 500 АҚШ доллары.
Жаңа жарыстардың қосылуы теннис көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, биыл коронавирус індетіне байланысты амалсыздан үзіліс алған теннисшілердің рейтингілік ұпай жинап, көбірек табыс табуына мүмкіндік береді.
Комментарии