«Астананың» шабуылшысы Пиерос Сотириуге Грекияның ПАОК командасы қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Sport24 порталы хабарлады.

27 жастағы футболшыны ПАОК қатарына қосуды көздеп отыр. Грекиялық клуб бұған дейін де Пиерос Сотириуге қызығушылық танытқан. 2017 жылы кипрлік футболшыны қатарына қоспақ болған, алайда шабуылшы «Копенгаген» командасына ауысты.

Биыл «Астана» Пиерос Сотириуді даниялық клубтан 1,5 миллион еуроға сатып алған. Ол биыл төрт ойында алаңға шығып, екі гол соқты.