WBA тұжырымы бойынша жартылайьауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі алғашқы кездесуде жеңіске жетті, деп хабарлайды  «PROСПОРТ».

Крузервейттегі рингте боксшымызға Бобби Томас-кіші қарсы тұрды. Бесінші раундта рефери кездесуді аяқтап, Шүменовтың пайдасына техникалық нокаут тіркеді.

Бұл – Бейбіт Шүменовтың кәсіпқой рингтегі он бесінші жеңісі. Бұған дейін Шүменов тек екі рет жеңілген.