Абу-Даби туризм департаментінің басшысы Әл Саид Хабиб Нурмагомедов - Конор Макгрегор қарымта жекпе-жегін өткізуге ниет білдірді.

– Қарымта жекпе-жекті біздің жерде өткізуге дайынбыз. Дэйна Уайт біздің ұсынысты қабыл алады деп ойлаймыз.

Біз аз ғана уақытта UFC турнирлерін жоғары деңгейде өткізе алатынымызды дәлелдедік. Енді Хабиб Нурмагомедов - Конор Макгрегор қарымта жекпе-жегін өткізсек дейміз, - деді ол.