Қыркүйектің 8-нен 9-на қараған түні Сольнада (Швеция) Ұлттар лигасының А дивизионындағы А тобының матчы өтеді, онда Швеция құрамасы Португалия командасын қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандағы тікелей эфирді Qazsport телеарнасы ұйымдастырады. Көрсетілім Нұр-Сұлтан уақытымен 00:35-те басталады.

Бірінші турда Швеция өз алаңында Франциядан 0:1 есебімен ұтылды. Ал Португалия Хорватия құрамасын қонақ етіп, сенімді жеңіске жетті (4:1).