Мәскеудің ЦСКА командасымен өткен матчта «Барыс» ойыншысы Никита Михайлис Құрлықтық хоккей лигасындағы 100-ші голын соқты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, Никита «Барыс» сапында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол 214 матч өткізіп, 48+52 ұпай жинады.