Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый Ұлттар лигасы аясында өтетін Албанияға қарсы матчта алаңға шықпайды.

Тәжірибелі қорғаушы алғашқы екі ойында сары қағаз алған. Осы себепті ол Албанияға қарсы матчты өткізуге мәжбүр.

Айта кетейік, Ұлттар лигасының алғашқы екі кездесуінде Қазақстан Литваны сырт алаңда жеңіп, Беларусьтен ұтылды.