Португалия құрамасы мен «Ювентус» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду құрбысы Джорджина Родригеске сөз салды.

Футболшы сүйіктісі ұйымдастырған сауық кешінде сөз салуды жөн деп көрген. Құрбысы Роналдуға келісімін берді. Әзірге жұп үйлену тойын жасауды жоспарлап отырған жоқ.

Айта кетейік, қазіргі таңда Роналду төрт баланың әкесі. Джорджина Родригестен Алан Мартин есімді ұлы бар.