«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси команданың жаттығуына оралды.

Аргентиналық бүгін жаттығу басталуға бір жарым сағат қалғанда келді.

Еске салайық, «Барселона» басшылығына бойкот жариялаған ойыншы медициналық тексеруге уақытында келмеген және маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынының басталуын жіберіп алған.

Жақында Месси командада 2021 жылға дейін қалатынын мәлімдеді.