7 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Алматыдағы Орталық стадионда УЕФА Ұлттар лигасының 2-туры аясында Беларусь командасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

1-турда қазақстандықтар сырт алаңда Литва құрамасын 2:0 есебімен жеңген. Ал Беларусь футболшылары өз алаңында Албаниядан дәл осындай есеппен жеңілген болатын.

Алдағы матчта екі құрамаға да үш ұпай керек. Себебі топтан бір ғана команда шығады.

Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 19:50-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы көрсетеді, трансляциясын мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.