Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Виктор Коточигов кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясының Инстаграм-парақшасында Коточиговтің жаттығуының видеосы жарияланды.

Виктор Коточигов жеңіл салмақтағы WBC International титулын 9 қазанда Дубайда британиялық Макси Хьюзға қарсы жекпе-жекте қорғайды.