Әлемнің бірінші ракеткасы серб Новак Джоковичке АҚШ ашық чемпионатының төртінші айналымында техникалық жеңіліс жазылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Gotennis.ru сайтына сілтеме жасап.

Испаниялық Пабло Карреньо-Бустаға қасры матчтың бірінші сеті 11-геймінде жеңіліп қалған Джокович ашуланып, допты қалтасынан шығарып, ракеткасымен қатты ұрған. Доп корт шетінде тұрған арбитр әйелдің бетіне тиген. Ол доп тиген соң құлап қалды, кейін оны корттан алып кетті.

Матч төрешісі мен супервайзерлер жағдайды талқылап, сербиялық теннисшіні турнирден шеттетті.