Meta-ratings.kz сайтының хабарлауынша, «Астана» қаржылық қиындықты бастан кешіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Клубтың қарызы 1 миллион еуродан асады. Бұл соңғы екі трансферлік терезеде келген ойыншылар мен олардың агенттеріне клуб беруі керек ақша.

Осы қаржылық кесірінен клубтан Михал Билек кеткеннен кейін әлі күнге дейін жаңа бапкер шақыра алмай отыр. Қазір «Астана» бас бапкерге 50 мың еуродан жоғары жалақы төлей алмайды.

Болашақта қаржыландыру одан әрі қысқартылуы мүмкін.