Қазақстандық теннисші Денис Евсеев украиналық Владислав Орловпен жұптасып, Новомосковскіде (Украина) өткен ITF турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық финалда серіктесімен украиналық-польшалық дуэт Эрик Ваншелбоим / Войцех Маректі 6:4, 7:5, 13:11 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 51 минутқа созылды.

Бұл Евсеевтің маусымдағы алғашқы жеңісі және мансабындағы он алтыншы жеңісі екенін айта кеткен жөн.