Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ ашық біріншілігінде кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстан құрамасының өкілі үшінші айналымда белорустық Александра Сосновичті ұтты. Екеуара кездесу 2 сағат 1 минутқа созылып, 3:6, 6:2, 6:1 есебімен аяқталды.

US OPEN-2020 додасының төртінші кезеңінде Путинцеваның қарсыласы Хорватия өкілі Петра Мратич болады. Төртінші айналым 6 қыркүйек күні өтеді.