WhoScored порталы Ұлттар лигасы аясында өткен Литва мен Қазақстан құрамалары арасында өткен матчтағы футболшылардың өнеріне баға берді. Нәтижесінде Бауыржан Исламхан ең көп ұпайға ие болып, матч үздігі атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының капитаны командасының бірінші голына үлес қосты. Бактиер Зайнутдиновқа нәтижелі пас берді. Нәтижесінде портал оған 7,8 деген баға қойды. Исламхан алаңда 70 минут ойнап, орынын шабуылшы Абат Айымбетовке босатты.

Екінші орында 7,6 ұпай алған Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп тұр. Бірінші голдың авторы Бахтиер Зайнутдинов, Гафуржан Сүйімбаев пен Сергей Малый 7,4 ұпайға ие болды. Екінші голды соққан Исламбек Қуаттың еншісінде 7,2 ұпай.

Кездесуде ең төмен ұпайды (5,8) Литва құрамасының шабуылшысы Федор Черных алды.

7 қыркүйекте Ұлттар Лигасы аясында Қазақстан құрамасы Алматыда Беларусь құрамасын қабылдайды.

Ұлттар лигасы. Қазақстан сырт алаңда Литваны жеңді

Литва - Қазақстан матчына бейнешолу