Джиу-джитсудан Алматы облысы құрамасының спортшылары карантин кезінде бабын жоғалтқан жоқ. Қазір олар қазан-қараша айларында өтетін халықаралық жарыстарға дайындалып жатыр. Жерлестеріміздің басты мақсаты жекелей және командалық сында топ жару,дейді Нұржан Елкеев.Сонымен қатар, Алматы облысы құрама командасының аға жаттықтырушысы Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында джиу-джитсудың Жетісу өңіріндегі даму қарқынын баяндап, жергілікті джитсерлердің деңгейі жоғары екендігін айтты.

Алматы облысының ерлер және әйелдер құрама командасы карнтин ережелерін сақтап, дайындыққа кірісіп кеткен. Олардың алғашқы ірі жарысы қазанда Мәсекеуде өтеді. Ресей астанасында жерлестеріміз барын салады,- дейді Нұржан Елкеев. Одан бір ай өтісімен Біріккен Араб Әмірлігінде әлем чемпинаты ұйымдастырылмақ. Алматы облысының 6 атлеті бұл додаға қатысады. Барлығы жүлдегер болады, деп күтілген. Өйткені, бұл атлеттер халықаралық дәрежедегі және спорт шеберінен құралған.

Нұржан Елкеев

НҰРЖАН ЕЛКЕЕВ, ДЖИУ-ДЖИТСУДАН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«Осы жылы теориялық әдістерге көбірек көңіл бөлдік. Спорт ережесі, тамақтану, психологиялық жұмыстарды қайта қарадық. Бұлда бір спортқа деген жаңа қадам болды. Жарысқа қатысатындар Отабаева Мариям, Садыров Дамир, Айтпанбет Самат, Жұмаділ Ержан деген бала бар. Сұраубекова Маржанныңда дайындығы жақсы».

Нұржан Елкеев Жетісу өңіріндегі джиу-джитсу спортының негізін қалаған мамандардың бірі. Бұл спорт түріне қызығып, оны серік еткендер саны жылдан жылға көбейіп келеді,- дейді ол. Қазіргі күні джиу-джитсумен тұрақты түрде айналысатындар саны Алматы облысында 2000-ға жуықтаған. Нәтижелерде ауыз толтырып айтарлықтай.

НҰРЖАН ЕЛКЕЕВ, ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ОБЛЫС ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«Федерациямызда 1700-дей бала тіркелген. Негізі ішінде, Файтинг, Неваза, Дуо -систем және Кантакт ережесі бар. Көбінесе 1000-нан аса спортшыларымыз осы Неваза ережесімен айналысады. Неваза ережесі дегеніміз, партерде күресу. Бұған дейін бразилиялық джиу-джитсу, деп аталатын».

-Нұржан, сіз джиу-джитсу спортын Алматы облысы соның ішінде Талдықорғанға алғашқылардың бірі болып, әкелген мамансыз. Қазіргі әлем чемпиондары мен Азия біріншілігінің жеңімпаздары немесе олардың жаттықтырушылары сіздің шәкіртіңізбіз, дейді.

-Мен бұл сполртпен алғаш рет 1989-91 жылдары әскерде Отан алдындағы борышымды өтеп жүргенде таныстым. Ол кезде бұл спорттың атауын «джиу-джитсу»емес, «дзу-дзутсу» деп естігем. Алғашқыда дзюдо күресінің бір түрі екендеп ойладым. Сөйтсем, жаңа спорт болып шықты. Ол кезде қазіргідей ғаламтор жоқ. Әлемуметтік желі деген шықпаған. Біз белгілі бір спорт тәсілдерін кітаптардан, газет-журналдардан оқитынбыз. Бір-бірімізден алып, бөлісіп, спорттық білімімізді теориялық жүзінде жетілдіруші едік. Джиу-джитсу спортына дзюдо мен каратэнің біріккен қосындысы, деп баға бердім. Өйткені мұнда қылқындыру, ауырту әдістері бар. Сонымен қатар, аяқ-қолдың соққыларына да рұхсат етілген.

-Өзіңізде спортшы болып, жарыстарға қатысқан боларсыз?

-Мен алғашқыда дзюдо күресімен айналыстым. 6 жасымда Берік Исабаев деген нағашы ағам күрес залына алып келді. Бапкерім ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Сәрсенбек Шарапиев болатын.Әскер қатарына шақырылғанша осы спортты серік еттім. Жарыстарға қатыстым, жүлдегерде болдым. Бірақ Қазақстан деңгейіне шыға алмадым. Джиу-джитсу Қазақстанға 1992 жылы келіп, федерациясы құрылды. Бірақ, елге таныла қоймады. Мен 2001-ші жылға дейін дзюдо, самбо, қазақ күресі бойынша Алматы облыстық қауымдастығының бас хатшысы болдым. Осы сәтте Үмбетәлиев Ерлан деген досым джиу-джитсу спортын көтеру керектігі жәйлі маған ұсыныс айтты. Осыдан соң бұл спортпен жақын таныстым. Ережелері маған бірден ұнады. Мен Талдықорғанда джиу-джитсудан команда жасақтап, балаларды дайындадым. Алғашқы жарыста Сыдықов Тимур мен Жақыпбеков Мирас деген шәкіртім чемпион болды. Ол 2002 жылдың көктемі еді.

- Қанша халықаралық дәрежедегі спорт шебері және спорт шеберін дайындадыңыз?

-Осы уақытқа дейін 20-дан аса халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, 50-ден аса спорт шеберін дайындаппын. Қазіргі күні оқушыларымның шәкірттері ХДСШ атанып жатыр. Алматы облысының джитсерлері қатарында Есенов Қуат, Қазбекова Дина Азия чемпионы болды. Есенеев Қуандық, Сыдықов Тимур Нұршанов Рүстем,Қабденов Елдос екі мәрте әлем чемпионы болды. Сонымен қатар, дүнежүзілік жарыста Науқанов Дарханда топ жарды.

-Джиу-джитсу спорты бірнеше түрге бөлініп кетті емес пе?

-Джиутүрлері өте көп. Оның ішінде айта кетсек, джиу-джитсу федерациясы бар. Содан соң бразилиялық грепплинг джиу-джитсуы қауымдастығы бар. ҚР Ұлттық кәсіпқой спорттық, жепе-жек джиу-джитсу федерациясы, Кабудо,Дәстүрлі джиу-джитсу федерацисы бар. Біз 2015 жылы джиу-джитсу ұйымдарын бір қауымдастыққа кіргіздік.

- Нұржан, джиу-джитсудың әдіс - тәсілдерін өмірде бұзақылыраға қарсы қолданып көрдіңіз бе?

-Джиу-джитсу жопон тілінен аударғанда «Жеңіске жетудің жеңіл жолы» дегенді білдіреді. Мен тәрбиесі нашар бұзақы балалармен кездестім, әрине. Бірақ оларды сабап, дене жарақатын салмадым. Төбелеске жеткізбей шешіп отырдым. Мен жекпе-жек өнерінің шебері болғандықтан қолыммен аяғымның өзі қару. Оны жақсы түсінем. Сондықтан көшеде кездескен түйткілді мәсмелелердің түйінін ақылмен тарқатуға тырысамыз.

-Қазір канша бала жаттықтырасыз? Жаттығу жұмыстарына өзгерістер енгіздіңіз бе?

-Қазір Алматы облысының ерлер құрамасын жақтықтырып жатырмыз. 11 қыз-жігіттер дайындалады қарамағымда. Жаттығу әдістеріне әрине өзгертулер қажет. Біз осы жолда арнайы бағдарлама дайындап жатырмыз. Ол дайын болғанда бірте-бірте сол бойынша шеберлігімізді шыңдайтын боламыз.

- Бұл спорт болашақта Олимпиадаға кіре ме?

-Бұл спорт түрі 2012 жылы өткен Олимпиадаға кіру керек болатын. Алайда, бір себептерге байланысты ол болмады. Джиу-джитсу спортының түрлері Файтинг, Неваза және Дуо-систем Олимпиада ойындары қатарына кіруге үмітті. Жалпы джиу-джитсу халықаралық Олимпиада камитетінің мүшелігінде тұр.

-Джиу-джитсу спорты бойынша Алматы облысы Республикада қандай деңгейде? Жетісу өңірінің құрамасы нешінші орын алады командалық есепте?

-Алматы облысы Республикада бірінші орында тұр, деп сенімді айта аламын. Онымды дәлелдей кетейін. Былтыр Алматы облысының ерлер құрама командасы Қазақстан кубогін иеленді.Жастармен жасөспірімдерде бірінші орын алды. Жетісулық спортшылар көп жылдан бері жүлдегерлер қатарында келеді. Мысалы, 2017 жылы Атырауда өткен жастар ойындарында бірінші орыннан көріндік. 2019 жылы Әбу-Даби қаласында әлем чемпионаты өтіп, Қазақстан құрамасы бірінші орын алды. Еліміздің қоржынына түскен медальдардың жартысыанан көбі Алматы облысының спортышарының еншісінде.