Пандемияға байланысты Қазақстанда дзюдодан бірнеше маңызды додалардың өтпейтіні белгілі болды.

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлімдегендей, жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогі өтпейді. Б.Махмұтовтың құрметіне арналған дзюдо жарысы 17-19 сәуір күндері Алматыда өтуі тиіс еді.

Сондай-ақ, ерлер мен әйелдер арасындағы ашық Азия кубогі өтпейді. Ол 3-5 шілде күндері Ақтауда жоспарланған болатын.