«Реал Мадрид» футбол клубының жас жартылай қорғаушысы Браим Диас мансабын «Милан» сапында жалғасыруы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Журналист Джанлука Ди Марционың хабарлауынша, 21 жастағы испаниялық жас талант «Миланға» бір жылға жалға беріледі.

Диас миландық клуб сапында 21-номерлі жейдемен өнер көрсетеді. 21-номер өткен маусымда шабуылшы Златан Ибрагимовичке тиесі болатын. Швед футболшысы жаңа маусымда 11-номерлі жейде киеді.