Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-қадағалау комитеті кезекті жиынын өткізді. Күн тәртібінде Қазақстан чемпионатының 7-турындағы «Ордабасы» - «Қайрат» матчты, сондай-ақ «Қайсар» ойыншысы Думан Нәрзілдаевтың медициналық хаттаманы бұзуы қарастырылды деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қарсылас команданың бас жаттықтырушысына дөрекі сөйлеген спорттық емес қылығы үшін:

- «Ордабасы» ФК бас бапкері Кахабер Цхададзе бір матчқа шеттетіліп, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

- «Ордабасы» ФК бас бапкерінің көмекшісі Георгий Чихрадзе бір матчқа шеттетіліп, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

- «Ордабасы» ФК президенті Бақтияр Байсейітов бір матчқа шеттетіліп, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Бір матчта бес ойыншының ескерту алып, командалық тәртіпті бұзғаны үшін «Қайрат» футбол клубына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - делінген ҚФФ сайтында.

Еске сала кетейік, «Ордабасы» - «Қайрат» матчы 1:3 есебімен алматылықтардың пайдасына шешілді.