Бүгін нұрсұлтандық «Барыс» Ригада ҚХЛ-дың 2020/2021 маусымындағы алғашқы матчын жергілікті «Динамоға» қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маусым басында Юрий Михайлис шәкірттері бірден үш бірдей матчты түзде өткізеді. Біріншісі Ригада өтеді.

Статистика бойынша «Барыс» «Динамоға» қарсы соңғы 5 ойында 3 рет жеңіске жетіп, 1 мәрте тең ойнаған және 1 жеңіліске ұшыраған.

«Динамо» Р - «Барыс» матчының тікелей эфирі бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де өтеді және QazSport телеарнасынан көрсетіледі.

Назар аударарлық нәрсе, хоккей матчы Қазақстан мен Черногория жастар құрамасы арасындағы ойынның бірінші таймы аяқталғаннан кейін бірден басталады.

Фото: «Барыс» ХК.