Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева US Open турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлесіміз екінші раундта Беларус спортшысы Вера Лапконы 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

АҚШ ашық чемпионаты 31 тамыз бен 14 қыркүйек аралығында өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры - 53 400 000 АҚШ доллары.