«Реал Мадрид» футбол клубының жартылай қорғаушысы Хамес Родригес мансабын «Эвертон» сапында жалғасыруы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

«Эвертон» колумбиялық футболшы үшін 25 млн еуро жұмсауға дайын. Англиялық команда ойыншыға 3 жылдық келісімшарт ұсынып отыр.

Бұл трансферде «Эвертон» клубының бас бапкері Карло Анчелотти үлкен рөл атқарды. Италиялық маман бұған дейін Хамеспен екі рет бірге жұмыс істеген - «Реалда» және «Баварияда».

28 жастағы Родригестің трансферлік құны жыл сайын төмендеп барады. Қазіргі таңда оның трансфер нарығындағы бағасы бар болғаны 20 млн еуро ғана.

Айта кетейік, Хамес «Реалда» 2014 жылдан бері өнер көрсетеді. Ол осы маусымда бар болғаны 7 матчқа ғана қатысты.