Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бобиржан Моминовтің (11-0, 8КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.⠀BoxRec.com сайтының хабарлауынша, 28 жастағы Моминовтың келесі жекпе-жегі 27 қыркүйекте Қазан қаласында өтеді. Қарсыласы - 34 жастағы ресейлік боксшы Вагинак Тамразян (17-7, 5КО). Кездесу он раундқа жоспарланған.⠀Айта кетейік, Бобиржан Ресей жерінде алғаш рет жекпе-жек өткізгелі отыр. Ол кәсіпқой рингтегі жекпе-жегінің көп бөлігін АҚШ-та өткізді. Одан бөлек Аргентинада және өз елінде кездесулер өткізген.