Халықаралық конькимен жүгіру федерациясы биылғы маусым күнтізбесіне тағы да түзету енгізді. Бұл туралы ұйымның онлайн жиынында белгілі болды.

Конькимен жүгіруден 2020 жылы өтетін әлем кубогының төрт кезеңі өткізілмейді. Атап айтар болсақ, Польшаның Томашов (13-15 қараша), Норвегияның Ставангер (20-22 қараша), АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити (4-6 желтоқсан) және Канаданың Калгари (11-13 желтоқсан) қаласында өтуі тиіс турнирлер коронавирус індетіне байланысты кейінге қалды.

Әзірге, Қытай мен Нидерландтағы финалдық кезеңдер ғана күнтізбеден алынған жоқ.