Алматының «Қайраты» Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде кіммен кездесуі мүмкін екені белгілі болды.

«Қайрат» келесі кезеңге жолдама алса төмендегі командалармен кездесуі мүмкін:

– «Бала Таун» (Уэльс) — «Стандард» (Бельгия) жұбының жеңімпазы;– «Ростов» (Ресей);– «Локомотив» Пловдив (Болгария) — «Тоттенхэм» (Англия) жұбының жеңімпазы.

Айта кетейік, күні кеше Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті. Жеребе тастау қорытындысы бойынша алматылық «Қайрат» сырт алаңда «Маккаби Хайфа» (Израиль) – «Железничар» (Босния и Герцеговина) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Турнирдің екінші кезеңінде жеңімпаздар бір ойын нәтижесімен анықталады. Кездесулер жанкүйерлерсіз өтеді.

Барлық ойындар 17 қыркүйекте жоспарланған. Ережеге сәйкес егер ойынның негізгі уақытында жеңімпаз анықталмаса, қосымша таймдар және пенальти сериясын өткізу қарастырылған.