Елордалық «Астананың» бұрынғы бас бапкері Роман Григорчук солигорскілік «Шахтердің» тізгінін ұстауға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Украиналық маманның соңғы клубы «Астана» болған, ол Қазақстан чемпионы сапынан 2020 жылы қыркүйекте кеткен еді. Григорчук «Астанамен» бірге Қазақстан чемпионаты мен Суперкубогын жеңіп, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыққан.

Ал солигорскілік клубты жаттықтырған Юрий Вернудуб 31 тамызда клубтан кеткен еді. Оның жаттықтыруымен клуб Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде жеңіліп қалған болатын.