Қазақстандық Анна Данилина Прагадағы турнирдің үшінші айналымына шыға алмады.

Екінші айналымда түрік Пемра Озгеннен 1:6, 6:3, 0:6 есебімен жеңіліп қалды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) US Open іріктеуінің өткізілмеуіне байланысты Прагадағы турнирдің жүлде қорын 3 млн долларға дейін көбейткен еді. US Open-2020 жарысының негізгі кезеңінде бақ сынауға рейтингі жетпеген теннисшілер үшін бұл турнир өткізіліп отыр.

Прагадағы турнирдің жүлде қоры мен рейтингтік ұпайлары жекелей және жұптық ойындарға арналған US Open іріктеу матчтарымен сәйкес келеді.