2020/21 маусымында Чемпиондар лигасынан шығып қалған елордалықтар Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Будучность» командасына қарсылас атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 17 қыркүйек күні Қазақстанда өтеді.

Айта кетелік, іріктеу кезеңіндегі кездесулер бір ғана матчтан тұрады. Жеңген команда келесі айналымға өтсе, жеңілген ұжым турнирден кетеді.