Америкалық промоушн алдағы UFC Vegas 9 турнирінің промо-ролигін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегі ауыр салмақтағы Алистар Оверим мен Аусуто Сакаи арасында өтеді.

Айта кету керек, 40 жастағы Нидерланд спортшысы Оверимнің октагонда 46 жеңісі бар және 18 рет жеңіліс тапқан. Ал бразилиялық Сакаидың еншісінде 15 жеңіс, 1 тең және 1 жеңіліс бар.