Орта салмақтағы WBA чемпионы Сауль Альварес келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боксшы инстаграмына жаттығудан үзінді жариялады. Мексикалық былғары қолғап шебері келесі шайқасын түрік Авни Йылдырымға қарсы өткізеді. Жекпе-жекте WBC супер орта салмақтағы бос жатқан титул сарапқа салынады.